Қайырлы кеш, достар! Соңғы кезде БАД туралы пост жазуымды сұраушылар көп. Лайк❤ басып,сақтап алыңыздар.😊 Адамның күнделікті тағамдық рационында 600-дей нутриент болуы керектігін ғалымдар дәлелдеуде. Бірақ үйлесімді тағамдық рационды көп адам толық қамтамасыз ете алмайды. Осы кезде биологиялық белсенді қоспаларды қолдануға болады.Соңғы жылдары диетологтар мен нутрициологтар БАД-ды қолданудың дұрыстығын айтуда.Америкада адамдардың 70%,Жапонияда 90%-ы БАД-ды күнделікті өмірде қолданады.Тіпті Индияда,Қытайда,Шығыс елдерінде науқастарды емдеуде БАД-ды медицинада қолданады.Ал бізде халықтың 2-5%-ы ғана пайдаланады екен. Биологиялық белсенді қоспалар — тағамдық және дәрілік өсімдіктердің концентраты немесе тағамның құрамын байыту үшін қосылып қолданылатын аурудың алдын-алу мен ағзаның жалпы жағдайын жақсартуға арналған табиғи немесе табиғиға жақын заттардың(жануартекті, минералды, өсімдіктекті шикізаттан химиялық синтездеу жолымен алынған, табиғи тағамдық және биологиялық белсенді заттардың) қосындысы. Биологиялық белсенді қоспалардың үш түрі болады: 1. Нутрицевтиктер; 2. Парафармацевтиктер; 3. Пробиотиктер; Нутрицевтиктер - алмастырылмайтын тағамдық заттар витаминдер,минералды заттар,кейбір аминқышқылдары мен олардың жиынтықтары, кейбір моно және дисахаридтер, тамақ талшықтары және жартылай қанықпаған майқышқылдары, кейбір микроэлементтер-кальций мен магний, т.б. жатады. 1⃣ Нутрицевтиктерді қолданудың пайдасы: -Ересектер мен балаларда көп жағдайда кездесетін алмастырылмайтын заттардың дефицитін оңай және тез толтыру; -Жасы мен жынысы бойынша қажеттіліктеріне; -Ауыратын адамдарды қоршаған ортаның жағымсыз әсеріне ағзаның қорғанысын күшейту үшін; -Ағзадан бөгде және токсинді заттарды тежеу мен бөліп шығаруды күшейту мен жылдамдату; -Майлану, атеросклероз бен басқа да жүрек-тамыр аурулары, қатерлі ісік, иммунодефицитті жағдайлар сияқты кең таралған ауру түрлерін қосымша емдеу үшін, профилактика үшін қолданылады. 2⃣Парафармацевтикалар – бұл құрамында органикалық қышқылдар, биофлавоноидтар, фенолды қосылыстар, гликозидтер, кофеин, биогенді аминдер, және табиғи өнім деп аталынатын заттары бар өнімдер.